Соңғы екі жылда елдегі ескі үйлердің құны шамамен 10-12 пайызға арзандаған. Ал ақпан айындағы статистикалық ақпаратқа сенсек, қаңтармен салыстырғанда жаңа пәтер құны 0,4%-ға төмендепті. Дегенмен, элиталық тұрғын үйлерді сату бағасы өзгермеген. Осылайша, биылғы жылдың ақпанында елдің баспана нарығындағы су жаңа пәтерлердің орташа құны бір шаршы метрі үшін 248 243 теңгеге тұрақтады.