Тұрғын үй бағасы

Өткен жылы инвестициялар жəне даму министрлігі 2018 жылы баспана бағасы өспейді деп мәлімдеген болатын. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын тұрақты түрде қаржыландырып отырғандықтан, жылжымайтын мүліктің қымбаттауына жол берілмейді. 2018 жылы 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Өңірлердегі пәтерлердің шаршы метрі - 140 мың теңге. Бұл несиеге берілетін үйлер. Олар кейін тұрғын үй құрылыс жинағының жүйесі арқылы сатылымға шығарылады. Ал Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңге.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу