Әйел заты үшін ең таңдаулы тартулардың бірі - әшекей бұйымдар. Алтыннан жасалған әшекейлердің еліміздегі орташа бағасы 14 054 теңгеге тұрақтапты. Алматы, Павлодар, Қарағандыда бұл бұйымдарды 10 500 мен 10 700 теңгеге ала алады. Ал Астана, Өскемен, ақтаулықтардың қалтасы едәуір жұқарады. Өйткені бұл қалаларда әшекейлер орташа есеппен 17 мың теңгеден басталып, 21 мыңға дейін жетеді. Бұл әлбетте алтынның жеңілдеу түрлері.