Жарма бағасы өткен жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға арзандаған. Мәселен, қазақстандықтар биыл бағасы қымбат болып келетін құрақұмықтың келісін 365 теңгеге алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға төмен. Сұлы бағасы өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға кеміп 299 теңге көлемінде саудалануда. Ресми мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша ұнтақ жармасының бағасы 214,41 теңге. Өнімнің ең арзы Павлодарда 171 теңге, Ақтөбеде 181, Атырауда 322 теңге шамасында. Ал сөктің орташа бағасы 207,67 теңге. Ақтөбеде 132, Жезқазғанда 160, Алматыда 257 теңгеге саудалануда.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.