Жолақы бағасы қымбаттады

Қоғамдық көлікпен қатынау құны бір жыл ішінде 15 пайызға көтерілген. Жалпы өткен жылы Қазақстан қалаларындағы автобус жолақысы орташа есеппен 74 теңгені құрап, бір жыл ішінде 14,9 пайызға өсті. Қызылорда мен Өскемен қалаларында жол ақысы – 90 теңге болды. Аталған шаһарларда 15-20 теңгеге артқан. Көкшетау, Қостанай, Орал, Петпропавл және Семейде де дәл солай қымбаттап, азаматтар автобустарға 80 теңге ақы төлейтін болды. Тараз бен Жезқазғанда 10-20 теңге қосылып, автобуста жүру құны 60-65 теңгеге шықты.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу