Елордада наурыз айынан бастап 50 жәрмеңке өткен. Осы күнге дейін 8 млн теңгеге 25 мың тонна өнім сатылған. Басты артықшылық, мұндағы баға нарықтағыдан 20-30 пайызға төмен. Мысалы, шұжық өнімдері жәрмеңкеде 800 бен 1350 теңге аралығында болса, өзге жерлерде орташа 1500-1700 теңгеге түседі. Күріш бағасында 100 теңгедей айырмашылық бар. Тұз бен картоптан 10-15 теңге үнемдейсіз. Алма бағасы 300, базарда 450 теңгеге түседі. Жұмыртқаның ондығы жәрмеңкеде 200 тг сатылуда. Дүкендерден ол өнімді 290 теңгеге аласыз. Егер осы аталған өнімдерді жәрмеңкеден алсаңыз 4890 тг жұмсайсыз. Ал базарда сауда жасасаңыз 6155 теңгегіңіз кетеді. Салыстыра келе алғашқысына барсаңыз 1265 теңге артық ақша қалтаңыза қалмақ.Осы жылдың соңғы жәрмеңкесі қазан айының 1-інде өтеді.
Тілші: Арай Сүгірбай.