Елімізде маусымдық жағдайға байланысты, жұмыртқа мен тауық етінің бағасы арзандай бастады. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда жұмыртқа бағасы 12,9 пайызға төмендеген. Статистика комитетінің ұсынған әліметтеріне сүйенсек, елімізді тауық сирағының жалпы құны 658,57 теңге екен. Ең арзаны - Павлодар қаласында, 563 теңге. Көкшетауда өткен аймен салыстырғанда 4,7 пайызға арзандап, 583 теңгеге саудалануда. Алматыдан 700 теңгеге алуға болады. Ол шаһарда да өнім бағасы 2,5 пайызға төмендеген.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.