Әлемдік нарықта алтын троя унциясы үшін 12%-ға қымбаттап, бағасы $1266 долларға жетті. Ал жыл басынан бергі өсім 11,74% құрады. Sberbank Investment Research сарапшысы Михаил Шейбенің айтуынша, алтынның қымбаттауына Американың еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауы себеп болған. Ал отандық мамандардың пікіріне құлақ түрсек, оның құбылуы мұнайға да байланысты.