2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық 17 кедендік процедура электронды форматқа ауысып, Қазақстан территориясында «Астана-1» пилоттық жобасы іске асырылады. Кедендік транзит кедендік рәсіміндегі алғашқы пилоттық жобаны ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті 2017 жылдың қазанында іске қосып, содан кейін қалған 16 процедураны 28 қарашадан бастап қолға алды. Айта кетелік, «Кедендік транзит» «Астана-1» модулін іске асыру 2,5 ай уақытты құрады.
Студия қонағы: Астана-1 Ақпарат жүйесі бойынша жұмыс тобының мүшесі - Болат Зұлпыбек.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.