Ғылымды қаржыландыру артады. Әсіресе, ғылымға жастарды тарту, жас ғалымдардың жобаларын қолдау қарқыны күшеймек. Мәселен, 2020-2023 жылдар аралығында жас ғалымдардың ғылыми жобаларына барлығы 9 миллиард теңге бөлінеді. Биылдан бастап ғылымды қаржыландыру екі есе өсті. Ал алдағы бес жылдықта ғылымды қаржыландыруға ішкі жалпы өнімнің бір пайызы бөлінетін болады. Қаржы көзінің құйылуы ғылымның қарыштап дамуына кепіл ме? Отандық ғалымдарды не мазалайды? Жас ғалымдар қандай жаңалықтар ашуда? Бүгін «Басты тақырыпта».