44 отандық кәсіпорын жабылып, 5 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Мәселе былай орын алған. 2016 жылы отандық өндірушілерді біріктіру мақсатында «Жасампаз» консорциумы құрылған болатын. Мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындау операторы болып «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ тағайындалды. «Жасампаз» консорциумы 2016-2020 жылдары аралығында ҚР Қорғаныс күштеріне қажетті киім мүлігін өндіру бойынша бас орындаушы болып белгіленді. Оператор мен консорциум арасында жеткізудің ұзақмерзімді келісімшарты жасалды. Консорциум 2 жыл қорытындысы бойынша жұмысты жауапкершілікпен атқарды әрі тиімді нәтиже көрсетті. Инвестициялық келісім шеңберінде өндірісті кеңейті мен модернизациялауға қаржы жұмсалды.  Алайда, «Қазақстан Инжиниринг» қазіргі таңда біржақты, формальды себептерге байланысты Консорциуммен ұзақмерзімді келісімшартты бұзып отыр: Консорциум құрамындағы 44 кәсіпорын жабылып және 5 мыңнан астам адам жұмыс қалғалы тұр. Осылайша Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан Халқына жасаған Жолдауындағы өңдеу өнеркәсібіне қатысты айтқан тапсырманы орындау екі талай болып отыр.

Студия қонақтары: "Жасампаз" атқарушы кеңес бірлестігінің мүшесі - Дана Жұмабаева; "Жасампаз" бірлестігінің мүшесі - Азамат Әбдірайымов.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу