92 жастағы экс-премьер саяси сахнаға қайта оралды

Малайзияның оппозициялық коалициясы 92 жастағы бұрынғы премьер-министр Махатхир Мохамадты Үкімет басшысының орнына үміткер ретінде ұсынды. Елдегі парламенттік сайлау осы жылдың тамыз айында өтуі тиіс. Оппозициялық күштердің ең танымал серкесі Әнуар Ибрахим түрмеде отыр. Сондықтан оның жақтастары жемқорлық былығына батқан қазіргі премьер Наджиб Разакты орнынан тайдыруға таптырмас қарсылас деп тапқан. Наджиб мемлекеттік қордың 4 жарым миллиард долларын жымқырды деген күдікке ілінген. Егер оппозиция алдағы сайлауда жеңіске жетсе, онда Махатхир Мохамад әлемдегі жасы ең егде үкімет басшысы атанбақ. Естеріңізге сала кетейік, ол 1981-ден 2003 жылға дейін 22 жыл бойы Малайзияның премьер-министрі болған саясаткер.

Студия қонағы: Саясаттанушы - Сейдахмет Құттықадам.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу