Алюминий бағасы күрт көтеріліп, тоннасы 2225 долларға саудалануда. Қор нарығының мамандары оған АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары әсер етті дейді. Тиісінше бұл жағдай «Русал» атты ірі алюминий компаниясына оң өзгерістер алып келері сөзсіз. Өндіріс ресейлік олигарх Олег Дерипасканыкы. Ал оның фирмасына әлемдік өндірістің 7%-ы тиесілі.
Бағдарлама қонағы: экономист, "CSI Group" компаниясының жетекшісі - Олжас Құдайбергенов.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.