Акциздің артуы алкоголь өндірісін шектей ме?

Алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерінің бағасы соңғы алты жылда 71,6, ал былтырғы уақытпен салыстырғанда 9,5 пайызға қымбаттапты. Бұл - статистика комитетінің дерегі. Ал келесі жылдан бастап, еліміздегі алкоголь өнімдері акцизінің мөлшерлемесі литріне 2000 теңге болады. Ең жоғары өсім 45%-ды құрауы мүмкін. Жақында салық заңнамасына өзгертулер еніп, осындай жаңалық айтылған болатын. Бұл жағдай арақ-шарап өндірушілер мен сатушылардың бизнесіне қалай әсер етеді?

Студия қонағы: «ҚазАлко» алкоголь өнімдерін өндірушілер және сатушылар қауымдастығының президенті - Әміржан Қалиев.

Жүргізуші: Айжан Ілиясқызы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу