АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ: 2020: ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ

Осыдан тура 1 жыл бұрын, желтоқсанда 2020 жылдың адамзат баласына қандай «тосын сый» дайындағанын ешкім де болжап білмеген болар. Бізді қойшы, ол кезде тіпті қытайлық телеарналар да қауіпті дерттің таралып жатқанынан бейхабар еді. Иә, бізге коронавирустан бұрын үрей жетті. Желіде таралған мынадай фейк бейнежазбалар жұртты қорқытты. Дегенмен, қауіпті дертті «наконец-то» деп қарсы алдық. Ешкім де көзге де көрінбейтін қауіп шекараларды жауып, экономикасы қуатты саналған елдердің өзін әбден састыратынын күтпеді. Миллиондаған адам коронавирустың құрбанына айналады,- десе сенбес едік сол кезде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу