Шаруаларды несиелендіру қалай жүріп жатыр? Бұл сұраққа «Аграрлық несие корпорациясы» Басқарма төрағасы жауап береді. Жалпы, Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы 3 айда 47 пайызға өсті. Ал бұл салаға тартылған инвестиция 88 млрд теңгеге жетіпті. Дегенмен негізгі экспорттық тауар – қазақстандық бидай мен ұнға деген сұраныс төмендей бастапты. Мәселен өткен жылы Өзбекстанға жөнелтілген ұн көлемі 164 мың тоннаға, ал Ресей мен Иранға жіберілген бидай 540 мың тоннаға қысқарған.
Студия қонағы: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы - Нармұхан Сарыбаев.
Жүргізуші: Айжан Ілиясқызы.