Қытай Қазақстан теміржолы арқылы Ұлыбританияға тікелей жүк жеткізуді бастады. Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін керуен Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия және Франция аумағымен жүріп өтеді. Сапар 18 күнге жалғасады. Бұл жоба Еуропалық Одақтан тәуелсіз болуды көздейтін Ұлыбритания үшін аса тиімді. Себебі, оларға аспан асты елінен шамасы млрд. доллардан кем емес біршама инвестиция келеді. Ал оның қазақ экономикасына әсері қандай болмақ?
Студия қонағы "Астана Innovations" компаниясының атқарушы директоры - Тілектес Адамбеков.
Жүргізуші: Айжан Ілиясқызы.