Баспаналы болу жеңілдейді

Үкіметтің халықты арзан ипотекамен қамтуға деген аңғал ниеті елдегі қаржы секторының ащы шындығымен сай келмей тұр. Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелерінің үстеме пайызын 7%-ға дейін арзандатуды ұсынды. Жылдық 17-25 пайыз аралығындағы ипотекаға еті үйренген халық «бұл не қылған батпан құйрық» деп отыр. Жалпы, банктердің мұндай ипотекасын алу мүмкіндіктеріне тоқталмас бұрын, алдымен банктер 7%-дық ипотеканы «көтере» алар-алмасы жайлы айта кету керек.

Бағдарлама қонақтары:  экономист, «Pro gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі - Мақсат Халық, экономист - Сапарбай Жұбаев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу