ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы қаралып, қабылданды. Құжатпен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен бірлесіп әзірленген. Құжат 35 шарадан тұрады және 7 заң жобасын, 6 Үкімет қаулысының жобасын және 3 Ұлттық банк Басқармасы қаулысының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ министрлердің 2 бұйрығы мен әкімдіктердің 4 қаулысын қабылдауды қарастырады.
Студия қонағы: Әлемдік экономика және саясат институтының бас сарапшысы - Айжан Мұқышбаева.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.