Соңғы он жылда әлем елдерінің экономикалық қуаттылығы мұнай мен алтын қорынан ойысып, мүлдем басқа арнадан көріне бастады. Әр ел өз мүмкіншілігне сай салда жұмыс бастады. Кәсіпорын өнімінің ірі-ұсақтығына қарамай, іс-жүргізудің техонологиясына мән берді. Технологиясы жаңарған сайын, компания қызметі қарқындай түсті, ел асып өзге елдің нарығын жаулады. Бүгін біз дамудың бүгінгі таңдағы факторы – технологиялар туралы айтамыз. Осы тақырыпта ой бөлісетін сарапшы, экономист - Ерболат Мұхамеджан.
Жүргізуші: Айжан Ілиясқызы.