Депутат О.Өксікбаев жекешелендіруге қатысты жұмыстарды халықты алдау немесе мазақтау деп есептейді

Халық қалаулысы бүгінде өзін-өзі ақтап, мемлекетке пайда келтіріп отырған тиімді мекемелер неге жекешелендіруге шығарылғанын түсінбейтінін айтты. “Бүгін біз бәрін жекешелендіреміз деп жатырмыз. Жалпы жекешелендіру нарықтық экономикада керек шығар, бірақ қай мал иесі сүтті мол беріп отырған сиырын сатады? Қарап отырсақ, сатылуға беріліп отырған нысандардың көбісі – бүгінгі таңда өзін-өзі ақтап отырған, рентабельдігі өте жоғары, мемлекетке тиімді, жүйелі басқарудағы мекемелер. Сонда оларды не үшін, кім үшін, неге сатамыз? Бұл сұрақты халық та қояды, мен де қоямын… Жаңа әріптестерім айтып кетті, кезінде біз әлеуметтік мекемелерді, балабақшалардың бәрін сатқыздық. Мұның бәрі халықаралық институттардың ұсынысымен сатылды. Ауыл шаруашылық нысандарын түгелдей саттық. Ақыр аяғында жекеге кеткендердің басын қоса алмай отырмыз қайтадан”,- деді Өксікбаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Бағдарлама қонағы: ҚР ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры - Сержан Әлібаев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу