Экономикалық қылмыстар саны артты

Соңғы 5 айда елімізде 12 млн теңгеге жуық жалған ақша тәркіленген. Ақпаратқа сүйенсек, 5 млн 500 мың теңге болатын 922 дана ұлттық валюта айналымнан шығарылған. Сондай-ақ, алаяқтардың  6,3 млн теңгеге тең 73 дана АҚШ долларын қолдан жасағаны анықталды. Осылайша арам жолмен айласын асырмақ болғандарға қатысты 75 қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз істі кәсіп еткендердің басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындары. Олар жасырын цех ашып, 10 мың теңгелік жалған банкнот шығарып келген. Қылмыскерлер енді 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Студия қонағы: ҚР ҚМ МКК Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары - Ерден Жұман.

Жүргізуші: Айжан Ілиясқызы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу