Ол жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру төлемдерін біріктіреді. Яғни өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тіркеу жүйесін оңтайландырады. Сондай-ақ бейресми еңбек етіп жүрген xалықтың қызметін заңдастырады. Бірыңғай жиынтық төлемі жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтарға, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ адамдарға бағытталған. Ал төлем мөлшері шамамен бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі - Нұржан Әлтаев.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.