Қазіргі таңда медиа сайттардың басым бөлігі қаражат табу мәселесін кейінге шегеріп келеді. Тіпті кейбір ақпараттық сайт өкілдері мемлекеттің қолдауынсыз жұмыс жүрмейді дегенді алдыға тартады. Яғни, мемлекеттік тапсырыстың болғанын құп көреді. Бірақ, нарықтық экономика, бәсекелестік орта бәрібір өз заңдылықтарын ерте ме, кеш пе енгізеді. Мәселе, кім бірінші дұрыс қадам жасайды, сол міндетті түрде ұтады. Қазіргі қазақ тілді ақпараттық сайттардың монетизация туралы енді ойлана бастауы, бұл дұрыс қадамдардың бірі деп есептейміз.
Студия қонақтары: 7kun.kz сайтының жетекшісі - Ербол Азанбек; Медиа-эксперт, С.Демирел атындағы университеттің оқытушысы - Асхат Еркімбай; IT-маман - Тимур Бектұр.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.