Кәсіпкерлерге "Алтын Сапа" сыйлығы табысталды

Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі мен «Парыз-2017» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскер» арнайы сыйлығын табыс етті. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз саласындағы табысты кәсіпорындарды қолдау мақсатында 2015 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын бекіткен. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өз саласында белсенді де сапалы қызмет атқарған 10 компания арнайы сыйлықтың иегері атанды. Солардың бірі Маңғыстау облысынан «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорнына табысталды. 2009 жылы құрылған компания битум өндірумен айналысады. Бүгінге дейін 259441 тонна битум шығарылған. Отандық қамту үлесі – 100%.

Студия қонақтары: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры - Ғалымбек Жақсылықов; ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры - Асқар Әбубәкіров; Caspi Bitum ЖШС директорының бірінші орынбасары - Сәкен Өтелбаев.

Жүргізуші: Талғат Уәли.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу