Қазақстан енді тек 36 елдің инвесторына басымдық береді

Инвестиция үшін перспективті салаға тек үш сектор кірді. Қазақстанда инвесторларды тарту бұрынғыдай бейберекет емес, ұзақмерзімді стратегиялық негізде жүретін болды. «Стратегия табысты іске асатын болса, бес жылдың ішінде тікелей шетелдік инвестицияның экономикаға жалпы ағыны 2016 жылмен салыстырғанда, кезең-кезеңімен 26%-ға дейін артады. Ал «тиімділікті арттыруға бағдарланған», яғни экспортқа бағытталған инвестициялар 50%-ға дейін өседі деген болжам бар. Сонымен қатар, отандық бизнесмендер салатын ішкі инвестициялардың ұлғаюы да болжанып отыр. Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына құйылатын инвестициялар көлемі 46%-ға дейін өседі деп күтілуде», – деді Жеңіс Қасымбек.

Бағдарлама қонағы: «Kazakh Invest» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары - Біржан Қанешев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу