Лаура Ақшегірова, "Халықаралық медиация орталығы" РҚБ аймақтық басшысы
Мөлдір Жанатқызы, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы
Пандемия еңбек қатынастарына да салқынын тигізгені рас. Кəсіпкерлердің жұмысшылары алдындағы міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары жиі тіркелген көрінеді. Мəселен, карантин уақытында ұлттық кəсіпкерлер палатасына алты мыңнан астам арыз-шағым кеп түскен. Олардың алпыс пайызы жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы дау-дамай. Осы ретте Атамекен палатасы мен Жоғарғы сот қаралатын істердің көптігіне байланысты соттардың жүгін жеңілдетіп, пилоттық жобаны қолға алды. Аталған жоба қалыптасып отырған бизнес жəне еңбек дауларын қалай шешпек? Бизнестегі медиацияның маңызы жайында бүгін сөз қозғаймыз.