Қазақстанда ЭКҰ квотасы жеті мыңға дейін арттырылмақ

Елімізде  бедеулік пен белсіздік мәселесі уақыт өткен сайын өршіп барады. Бұл мәселеге алаңдаушылық білдірген мемлекет басшысы әрбір алтыншы отбасының балалы бола алмай отырғанын, отбасылардың 20 пайызы баланың жоқтығынан ажырасуға бел буатынын Жолдауда да айтты. Тіпті, Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның демографиялық ахуалының қиын екенін де  еске салды. Енді Президент бастамасымен Үкімет 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосып, экстракорпоральді ұрықтандыру  әдісіне бөлінетін квота санын 7 000-ға дейін арттырмақ. Оған кімдер ілігеді? «Басты тақырыпта» осы мәселені кеңінен талқыламақпыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу