Мемлекеттік қызметші — халық үшін

Мемлекеттік қызметкерлер Әдеп кодексі нормаларын жете түсіне бермейді. Бұл туралы еліміздің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты. Мамандар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 1 жарым мыңнан аса қызметкерінен сауалнама алған. Сұралған шенеуніктердің 40 пайызы олардың қызметте жүріс-тұрыстарын сипаттайтын құжатты дұрыс түсінбегендігін айтқан.

Студия қонақтары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры - Равиль Төлебаев пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі - Сырым Нәси.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу