"Министр ертегі айтты" - Н.Сабильянов

Н.Сабильянов: «Министрдің баяндамасын тыңдадық. Маған министр ертегі айтып жатқан сияқты болды. Неге? Өйткені, цифрландыру болу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын, ауруханаларды, емханаларды біз жақсы, жоғары Интернет байланысына қосуымыз керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің дерегінше, ол 2022 жылы ғана жүзеге асады, қаражат болса. Сонда бұл цифрландыру кімге жүргізіледі? Мысалы өңірлерді алып қарайтын болсақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары бар-жоғы 14 пен 43 пайыз деңгейінде ғана Интернет желісіне қосылған екен. Сондықтан бірінші кезекте осыны шешуіміз керек. Құрметті министр! Сізге айтарым аспанға қарап, жұлдызды санағаннан гөрі жердегі тіршілікке дұрыс көзбен қараған жөн секілді».

Студия қонағы: Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры - Олжас Әбішев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу