Нұр-Сұлтанда қоқысты қайта өңдеу қалай жүргізілуде?

Алмаз  Рысалиев, Нұр-Сұлтан қаласы  Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы

Ержан Жарылқасын, Кəсіпкер, экология мəселелері бойынша тəуелсіз сарапшы

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер.  Мұның түрлі себебі бар -  тұрмыс қалдықтарын өңдейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтар көлемінің ұлғаюы, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде дейді сарапшылар. Мұны елордада қоқысты қайта өңдеу жұмыстарына баса назар аудара бастаған қала басшысы да растап отыр. Əлеуметтік желідегі парақшасында ол қалада қоқысты қайта өңдеу, жою бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын жəне қиындықтардың да жоқ емес екенін жазыпты. Бүгін осы тақырыпты арнайы мамандармен кеңінен талқыламақпыз. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу