Астана және Алматы қалаларының дамыту бағдарламалары айқын белгіленген. Елбасының қаулысымен Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіпті, инфрақұрылымды, ғылыми, мәдени, т.б, орталықтарын интенсивті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Ал, Алматы қаласында ҚР Үкіметі аймақтық қаржы орталығын құру концепциясы мен жоспарын бекітті. Сонымен қатар, бұл құжат аймақтық жұмсақ климаты мен әсем табиғатын ескере отырып, осы жерде туризм мен демалыс орындарына мықты инфрақұрылымын құруды қарастырады. Осының есебінен шағын және орта бизнесті кеңінен дамытуы, өңдеуші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарын әртараптандыру және жаңартылуы қажет.
Студия қонағы: Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы - Айжан Мұқышбаева.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.