Аян Мейраш, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі,
Серік Тұрымбайұлы, Əлихан Бөкейхан атындағы ҚОШАҒЗИ қайта дайындау және біліктілігін арттыру қызметінің басшысы,
Қайрат Бодаухан, қоғам қайраткері.
Ғылым мен технологияның дамығаны, жақсы, әлбетте. Алайда,өндіріс ошақтарынан шығарылатын қалдықтар мен ауаға бөлінетін улы газдардан ауаны тазартып тұратын жасыл әлемнің бүгінгі жайы қалай? Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын сала жоқ. Бірақ, орман шаруашылығындағы мәселе шаш етектен. Мемлекет басшысының жуырдағы жолдауында дәл осы мәселе де назардан тыс қалмады. Ендеше, «қаржының қалдығымен» күн көріп келген аталған сала қалай өзгереді? Жалпы еліміздің орман шаруашылығындағы келелі мәселелер жайында бірқатар мәселені көтермекпіз.