18 маусым күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында Астана қаласында «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» атты форум өтті. Форум жұмысын бастаған Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызмет атқарған бес жыл ішінде еліміздегі бизнестің жетекші бірлестігі болып, кәсіпкерлер мен билік органдары арасында барлық деңгейде тиімді әрі ықпалды әрекет ететін диалог алаңына айналғанын атап өтті. «Атамекен» ҰКП басты міндеттерінің бірі отандық компанияларға дамудың жаңа деңгейіне шығуға ықпал ету. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін реттелетін сатып алуларда импортты алмастырудың дұрыс саясатын жүргізу және экспортқа қарқынды шығу керек.
Студия қонағы: Қазақстандық цемент және бетон өндірушілері ассоциациясының атқарушы директоры - Ербол Әкімбаев.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.