С.Нарымбетов: "Кино туралы заңы жоқ жалғыз елміз"

Кинокөрсетілім қызметінің ашықтығын реттейтін мемлекеттік қолдау қоры құрылады. Бұл турасында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты. Аталған қор аясында киноға бөлінетін қаржының игерілуі, ашықтығы және киноиндустрияның қолжетімділігі бақыланады. Сонымен қатар қор жұмысы фильмдердің прокатқа шығуы, киноөндірісті одан әрі ілгерілетуге бағытталған. Дегенмен министр «Мәдениет туралы» заңда фильмдерге қатысты басымдық толық берілмегенін де айтып өтті. Киноматография туралы заң жобасын таныстырған ведомства басшысы фильмдерді жүйелеу және оның айналымына мониторинг жасайтын орталық құрылатынын да жеткізді.

Студия қонағы: кинорежиссер - Рүстем Әбдірашов.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу