Сағынтаев: Жекешелендірудегі олқылықтарды қоғам білуі керек

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатысты толық ақпаратты, соның ішінде осы салада баяу жұмыс жасап жатқан облыстарды ашық көрсетуді тапсырды. Премьер-Министрдің айтуынша, шартты ұсыныстарды жасағаннан ештеңе шықпайды. "Жекешелендіру аясында тәртіп бұзушылықтар көп. Әсіресе, жергілікті жердегі жағдайды қатаң бақылауға алу қажет. Иә, ұсыныстар жасалды. Бақылауға алу қажет, алып тастау керек дейміз. Дегенмен, бұның барлығы - шартты нәрсе. Келесі жолы аталған тәртіп бұзушылықтар тағы қайталанады. Басқа бір меxанизмді жасау қажет сияқты. Бәлкім, барлығы білсін деп жариялап қоямыз ба?! Мәселен, бір жерде жекешелендіру кезінде тәртіп бұзушылыққа жол берілсе, соны ашық жариялауға болады. Нысанды бағалау жұмысын әдейі созған жағдайда да бәрін ашық көрсету керек. Әйтпесе, біз "бақылауға алу қажет, бақылауда ұстау қажет" дейміз де, одан ештеңе өзгермейді", - деді Б.Сағынтаев.

Студия қонағы: Экономикалық саясат институтының директоры - Қайырбек Арыстанбеков.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу