Салық кодексі салық төлеушінің мүддесі үшін бе? Әлде...

Барлығының бізге қоятын бір сұрағы бар – жаңа кодекстің қажеті не? Оның жаңалығы неде? Қолданыстағы кодекс ескірген бе? Жаңа кодекс нені өзгертуі тиіс? Жаңа Салық кодексінің жобасында идеологияны өзгерту, әкімшілендіруге жаңа көзқарас және ынталандыру шараларын енгізу көзделген. Идеология адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталады. Адалдық қағидаты енгізіледі. Қолдану қолайлы болуы үшін жеңіл баяндалатын жаңа Салық кодексі жобасының жаңа құрылымы ұсынылып отыр. Өз бетінше салық төлеуді ынталандыру арқылы салықтық әкімшілендіруді оңайлату ұсынылады. 

Бағдарлама қонағы: "Атамекен" ҰКП Салық салу департаменті директорының орынбасары - Эльмира Осипова, кәсіпкер - Бақытжан Омаров және ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы - Нұрлыбек Шаймаханов.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу