Абзал Құспан, заңгер
Қазыбек Иса, "Qazaq uni" интернет басылымының редакторы
Парламент сайлауы қарсаңындағы саяси пиар. Кей ақпарат құралдары үшін көлеңкелі қаражатқа кенелудің сəті. Саяси додадағы белсенділік қыза түскен шақта кей агенттіктер жасырын пиар жүргізетініне наразы қоғам белсенділері өз ұсыныстарын айтуда. Олар жасырын жарнама жасаған бұқаралық ақпарат құралдарына қомақты айыппұл салдырмақ. Бұл əрекет қаншалықты заңды? Қоғам белсенділері көтеріп отырған мəселе турасында заң саласының мамандары не дейді? Басты тақырыпта бүгін айтамыз.