Шағын несиеге басымдық беріледі: Жалпы сомасы 62 миллиард теңге

Президент Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің Төртінші бастамасында: «Шағын несие беруді көбейту». Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады. Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсыратынын жеткізді. 

Бағдарлама қонақтары: "Атамекен" ҚР ҰКП Бизнес коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры - Бауыржан Оразғалиев және "Бастау бизнес" жобасы бойынша бизнес-тренер - Нұғман Жұлдызбаев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу