Өскеменнің көшелеріне таудан аққан қарғын су қаптаса, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Зырян аудандары мен Риддер қаласында үйлерді су алды. Сонымен қатар, Алматы облысының халқы тағы да әбігерге түсті. Бұл жолы Ұзынағаш ауылы тұрғындарынан маза кетті. Өзен боп аққан қар мен жаңбыр суы көшелерді басып, жұрт табалдырықтан аттап шыға алмай қалды. Қазір жұрт су тасқыны үйлерін ағызып жібере ме деп жандарын шүберекке түйіп отыр. Тұрғындар су тартылғанша оқушыларды сабақтан босатуды талап етуде.
Бағдарлама қонақтары: төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі - Руслан Иманқұлов, жер жəне экологиялық құқық сарапшысы, заңгер - Бақытжан Базарбек, журналист-сарапшы - Нұрбек Бекбау.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.