Соттағы істердің 20-30%-ы ғана бизнес пайдасына шешіледі

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, бүкіл әлемде сот тәуелсіздігі кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсартудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Ал, әр кәсіпкер үшін дау – белгілі бір деңгейдегі күйзеліс, зая кеткен уақыт пен ақша, ал егер дау мемлекеттік органмен арада туындаса – онда бұл үлкен шығын, тіпті бизнестің тоқтатылуына әкеліп соғатын жағдай. «Дауды шешудің соңғы мүмкіндігі – сотқа жүгіну, мұнда бизнестің түбегейлі тағдыры шешіледі. Сондықтан судьялардың әділ әрі объективті жұмысынан бизнес қауымдастықтың күтері көп», – деді Тимур Құлыбаев.

Студия қонақтары: Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі - Нұрхан Мейірманқұлов және "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарушы директоры - Ерназар Сыздық. 

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу