Т.Құлыбаев: Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруді ұсынамыз

"Біз жүргізген сараптамадан кейін мемлекеттік аппараттағы адамдардың саны 1 100-ге қысқарды. Осыған орай, біз бизнес қауымдастық ретінде осы қаржының барлығын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсауды ұсынамыз", - деді Тимур Құлыбаев жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткен кәсіпкерлердің екінші республикалық форумы барысында. Құлыбаевтың айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі үшін қажет. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке кәсіпқой мамандарды тарту үшін де қызметкерлерге осындай жалақы ұсыну керектігін айтты.

Бағдарлама қонақтары: ҚР МҚІСЖҚА Cыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры - Салауат Муксимов; "Атамекен" ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары - Арман Хайдаров.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу