Жаңа білім беру жүйесі & сыни ойлау

Қазіргі уақыттағы әлемдегі ақпараттық ағымның қарқынды жылдамдығы себепті ғылыми жаңалықтардың үнемі жаңартылуы және техника мен технологиялардың жылдам дамуы өндірістік-әлеуметтік жұмыс орындарына қажетті дағдыларды игерген мамандарды талап етуде. Осыған орай Қазақстандық білім беру жүйесін жаңа мазмұнға атап айтсақ, орта білім беруді жүйелі жаңарту, оның мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдерін, күтілетін нәтижелерін өзгерту қарастырылуда. 21-ғасырға қажетті дағдыларды дамытуды көздейтін жаңа мазмұнды мемлекеттік білім стандарты жасалуда. Тони Вагнердің (2010) анықтауы бойынша қазіргі мектеп бітіруші түлектер:  ақпаратты қайдан, қалай алуды білетін, оны талдап, өңдей алатын, қажет жерінде жұмсай алатын білімді, сыни ойлай алатын, өз пікірін сауатты және айқын жеткізе алатын, кез келген ортада тез тіл табыса алатын, туындаған мәселелерін өзі шеше алатын, функциональды сауатты, тәрбиелі, құзырлы азаматтар болуы шарт.

Студия қонағы: Білім саласы бойынша сарапшы, Кембридж университетінің магистрі - Нұрмұхаммед Доссыбаев.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу