"Жасыл" экономикаға өту: идеялар және шешімдер

Заңсыз қоқыс орындарынан қазынаға 150 млн теңге шығын келген. Елорданың өзінде өткен жылы тіркелмеген  50 орын анықталған. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді.  Деректерге сүйенсек, елдегі тұрмыстық-өндірістік қалдықтар көлемі 43 млрд тоннаға жеткен, алайда оның тек 9 пайызы қайта өңделеді. Бұған өңдеу зауыттарының тұралап қалуы себеп. Өндіріс көлемін 40 пайызға жеткізу үшін мамандар саладағы шағын кәсіпкерлердің үлесін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ, жаңа технологияларды енгізу мәселесі де қарастырылуда. Айта кетейік, аталған нарықты қайта жаңғырту үшін Еуропа қайта құру және даму банкі 100 млн еуро қаржы бөлмек.

Бағдарлама қонақтары: "Жасыл экономиканы" қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясының басқарма төрайымы - Салтанат Рақымбекова және EXPO & Women халықаралық ұйымының сарапшысы - Меруерт Абдалиева.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу