Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді. Биылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Бұл туралы Əлеуметтік желідегі парақшасында мəлім еткен Білім министрі Асхат Аймағамбетов жазды. Бастама қоғамда түрлі пікір тудырып жатыр. Бірі аталған өзгерістер күшіне енгеннен бастап диплом саудасының қыза түсетінін алға тартады. Енді бір тарап əлемдік стандартқа көшкен дұрыс деген ұстанымда. Сіздермен бірге Басты тақырып. Бүгін осы мəселенің əр қырын қарастырамыз.
Кеңшілік Тышханұлы, Еуразия ұлттық университетінің доценті
Мадияр Аймырза, Заң ғылымдарының кандидаты, академик
Орақ Əлиев, "Тұран" университетінің профессоры