1 АПТАДА 8000 КӘСІПКЕРДЕН ШАҒЫМ ТҮСКЕН

Соңғы 1 аптада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына 8000 кәсіпкерден шағым түскен. Бұл туралы палатаның басқарма төрағасы айтты. Абылай Мырзахметов карантин енгізілген қос қалада бизнес өкілдеріне оңай тимей жатқанын жеткізді. Себебі халыққа қызмет ететін салалардың 40 пайызы дәл осы екі мегаполисте шоғырланған. Елорда мен Алматы шахарларында 1,6 млн жуық бизнес нысаны бар. Төтенше жағдайдағы талапқа сәйкес олардың жұмысы қазір тоқтап тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу