11 млн тұрғын медициналық қызметті тегін алады

Еліміздің 11 млн тұрғыны медициналық қызметті тегін алады. Мұндай жеңілдікке олар келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап, яғни  Міндетті әлемутеттік медициналық сақтандыру енгізілген соң қол жеткізеді. Анығын айтайын. Егер сіз азаматтардың-жеңілдік берілген санатына жататын болсаңыз, сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді. Демек Сіз қалтаңыздан қаржы шығармай-ақ, медициналық қызметті ала аласыз. 
 Ол үшін мына тізімдегі санаттардың бірінде боуыңыз тиіс.   
1) балалар, яғни 18-жасқа дейінгі тұрғындар
2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
5) бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері  бар

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу