Елордада жасөспірімдерге арналған «Жас сарбаз - жастар жылында» атты әскери-патриоттық ойындар өткізілді. 150-ге жуық жалынды жастың басын қосқан дүбірлі дода үш күнге жалғасты. Спорттық сайыстың тағы бір ерекшелігі - қатысушылар қатарында ұл балалар ғана емес, қыздар да бар.