17 СЕНАТОРДЫ САЙЛАУҒА 254,5 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

Сенаттың 17 депутатын сайлауға 254,5 млн теңге жұмсалады. Қомақты қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді. Оның айтуынша, қаражат комиссия қызметін ұйымдастыру үшін қажет. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының іс-сапарлары мен көлік шығындары да өтелмек. Бұдан бөлек, дауыс беру орындарын рәсімдеп, оған қажетті полиграфиялық жұмыстар да бюджет есебінен жүргізіледі. Ал қаржының өзі әр өңірдегі жергілікті билік арқылы таратылмақ. Үміткерлерді ұсыну 13-ші маусымнан басталып, 12-ші шілде кешкі сағат 18-00-ге дейін жалғасады. Кейін кандидаттарды тіркеу шаралары ұйымдастырылмақ. Ал, сайлау алды үгіт-насихат 23-ші шілде мен 11-ші тамыз аралығына белгіленген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу