18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕК ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

Наурыз айынан бастап, 18 жасқа дейінгі балаларға тегін берілетін дәрі-дәрімектердің тізбесіне тағы 68 жаңа атау енгізіледі. Осылайша дәрігердің кеңесімен жасөспірімдерге 200-ге жуық препаратты ақысыз алуға мүмкіндік бар. Бұл жөнінде «СК-Фармация» компаниясының басшысы Берік Шәріп айтты. Айта кету керек, тегін дәрі-дәрімекті кез-келген отбасы әлеуметтік жағдайына қарамастан ала алады. Бүгінде қызуды түсіретін және қабынуға қарсы құралдар және антибиотиктар сатып алынып қойған. Жалпы, бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 30 млрд теңгеге 800-ге жуық дәрі-дәрімектер мен медициналық бұйымдар жеткізілген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу